Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

11 Ақпан 2023, 20:36
1255
Бөлісу:
Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Жеңіл атлетика федерациясы

Михаил Литвин Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Х Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына төртінші жүлде түсті. 

Ерлер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Михаил Литвин күміс жүлдегер атанды. Ол мәреге санаулы метрлер қалғанда катарлық Аммар Исмаил Яхия Ибраһимнен қалып кетті. Қола медаль қытайлық атлетке бұйырды, - деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 

Бұл қашықтықтағы тағы бір отандасымыз Вячеслав Земс мәреге жетер тұста құлап қалды.

Қазір Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар. 

Өзгелердің жаңалығы