Енді мигранттар egov.kz арқылы жұмыс істеуге рұқсат ала алады

12 Тамыз 2019, 22:22
2055
Бөлісу:
Енді мигранттар egov.kz арқылы жұмыс істеуге рұқсат ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ eGov порталында "Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту" жаңа мемлекеттік қызметінің іске қосылғанын хабарлайды.

"Бұдан былай еңбек иммигранттарына рұқсатты үйден шықпай-ақ онлайн ұзартуға болады. Ол үшін пайдаланушы МО АЖ-да (ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қоры) рұқсат нөмірін тексере алуы үшін "электрондық үкімет" порталында рұқсат беру құжатының нөмірін және рұқсатты ұзарту мерзімін енгізу қажет. Егер МП АЖ-да бастапқы рұқсат табылатын болса, онда өтінім жұмыс берушіге келісу үшін жіберіледі. Содан кейін өтінім пайдаланушыға төлем жүргізу үшін жөнелтіледі. Төлем сәтті өткен жағдайда МП АЖ-дан жеке кабинетке рұқсатты ұзарту туралы анықтама келеді", - деп жазылған хабарламада.

Қызметті алу үшін порталда авторизациядан өту керек, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы бойынша өтуіңіз, содан кейін өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) көмегімен қол қою қажет болады.

Қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" жіберілген "Еңбек иммигрантының рұқсаты" анықтамасы болып табылады.

 

Өзгелердің жаңалығы