Мейвезер келер жылы екі кездесу өткізуді жоспарлап отыр

25 Қараша 2019, 20:04
1883
Бөлісу:
Мейвезер келер жылы екі кездесу өткізуді жоспарлап отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бес салмақта әлем чемпионы болған америкалық Флойд Мейвезер 2020 жылы екі жекпе-жек өткізбек, деп хабарлады Vesti.kz.

Әйгілі Флойд Мейвезер рингке оралатынын мәлімдеді. TMZ мәліметінше, Мейвезер бір жекпе-жегін боксшыға қарсы өткізеді, ал екіншісін UFC файтерімен жұдырықтаспақ. Біріншісін 2020 жылы мамырда, ал екіншісін қыркүйекте деп жоспарлағанға ұқсайды. 

Классикалық бокс кездесуі филиппиндік Мэнни Пакьяомен болатын сияқты. Боксшылар 2015 жылы жұдырықтасып, америкалық төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Ал UFC файтеріне қатысты Флойд бокс ережелерімен жақсы таныс спортшыны таңдауы мүмкін. 2017 жылы ол бокс ережесі бойынша ирландиялық Конор МакГрегорды техникалық нокаутпен жеңген еді.

Өзгелердің жаңалығы