«Мейірімділік керуені - 2020». Байқауға өтініштер 15 желтоқсанға дейін қабылданады

13 Қазан 2020, 12:19
1566
Бөлісу:
«Мейірімділік керуені - 2020». Байқауға өтініштер 15 желтоқсанға дейін қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен онлайн брифинг барысында Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы президентінің орынбасары Баян Тойкебаева айтып берді.

«Мейірімділік керуені» байқауына өтініштер 1 қазаннан 15 желтоқсанға дейін қабылданады. Бұл конкурс жыл сайын өтеді. Биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр, - деді ол.

Байқау 5 номинация бойынша өтеді:

- «Асар»

- «Туған жер»

- «Батыл жүрек»

- «Мейірім жолында»

- «Қайырымдылық тарихы»

«Асар» номинациясы ұлттық салт-дәстүр, мәдениетке байланысты, «Туған жер» білім беру, экология салаларында өткізіледі. «Батыл жүрек» жігерлік пен қайсарлық үшін, «Мейірім жолында» белгілі бір уақыт аралығында өтеусіз, тұрақты көмек көрсеткендер үшін және «Қайырымдылық тарихы» мейірімділік тақырыбында жасап жатқан журналистік материалдар үшін өткізіледі, - деп атап өтті Баян Тойкебаева брифинг кезінде.
Оның айтуынша, әр номинация бойынша 3 орын беріледі. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар және үй техникасына арналған сертификаттар мен «Оқжетпес» шипажайына жолдамалар беріледі.

Айта кетейік, «Мейірімділік керуені - 2020» III республикалық байқауының ұйымдастырушылары - Тұңғыш Президент қоры, Нұр-Сұлтан қаласы іске әйелдер қауымдастығы және Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.


Өзгелердің жаңалығы