Метеорология: 4 қалада жайсыз жағдай қалыптасады

5 Наурыз 2024, 07:15
2921
Бөлісу:
Метеорология: 4 қалада жайсыз жағдай қалыптасады
Фото: архив

Бүгін еліміздің 4 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 5 наурызда Ақтөбе, Алматы, Жезқазған, Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыпасып, ауа ластанады, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы