Қоқыс жәшігін қоятын металл бұйымдарды ұрлаған күдіктілер ұсталды

28 Қыркүйек 2019, 13:06
1638
Бөлісу:
Қоқыс жәшігін қоятын металл бұйымдарды ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полицияға белгісіз азаматтардың аулаларда орнатылған қоқыс жәшігін қоятын металл бұйымдардың қолды болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Бұл турпалы қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстың «ізін суытпай», осы ұрлықты жасады деген күдікпен 26және 27 жастағы қала тұрғындары ұсталды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында белгілі болғаны, металл бұйымдарды ұрлаған екеу оны темір қабылдайтын орынға өткізген.

Полиция қызметкерлері темір қабылдайтын орыннан айғақ заттарды тәркіледі. Ал ұрланған мүлікті қабылдап алған метал қабылдау орны бойынша да тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері ұрланған мүлікті сатып алу бойынша Қылмыстық Кодексiнің 196-бабымен қылмыстық жауапкершілік қаралатынын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы