Месси Чемпиондар лигасы рекордын жаңартты

8 Қаңтар 2021, 05:27
1412
Бөлісу:
Месси Чемпиондар лигасы рекордын жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйгілі футболшы Лионель Месси UEFA Чемпиондар лигасы рекордын жаңартты, деп хабарлайды prosports.kz.

Өткен жылдың қазан айында «Барселона» кездескен венгриялық «Ференцварош» Мессидің Чемпиондар лигасында гол соққан 39-шы команда болып тарихқа енді. Бұл – аталған турнирдің рекорды.

Испанияның «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы бүгінге дейін жасыл алаң төрінде өткізген 12 310 минут ішінде қарсыластар қақпасын 121 мәрте дәл көздеді. Ол әрбір 101 минут, 44 секундта бір голдың авторы атанып үлгерген.

Аргентиналық футболшы еурокубок ойындарында 17 елдің 43 командасымен кездесті. Олардың арасында «Атлетико» (Испания), «Бенфика» (Португалия), «Рубин» (Ресей) және Италияның «Интер» және «Удинезе» клубтарына гол соға алған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы