Мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Қырғыстан азаматы депортацияланды

22 Желтоқсан 2020, 11:45
1742
Бөлісу:
Мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Қырғыстан азаматы депортацияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамамен келген Қырғыстан азаматы депортацияланды.

2020 жылғы 21 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Индонезия, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 7 халықаралық әуе рейсі келді. 

799 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 721 адам, анықтамасыз 78 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 2 рейс, 323 жолаушы, анықтамамен - 297, анықтамасыз - 26;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 187 жолаушы, анықтамамен - 174; анықтамасыз - 13;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен - 116; анықтамасыз - 34;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 133; анықтамасыз - 5;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 20 желтоқсанында анықтамасыз келген 363 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген 1 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Қырғыстан азаматы, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Ақтау қаласының әуежайынан депортацияланды.

Өзгелердің жаңалығы