Мереке күндері қосымша үш пойыз іске қосылады

Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.

 ҚТЖ 26 Қараша 2026, 23:53
26 Қараша 2026, 23:53
128
Фото: ҚТЖ
 
Желтоқсан айындағы мерекелік күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты стандартты вагондардан жасақталған үш қосымша пойыз іске қосылады.

Қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша қатынайды:

• №201/202 «Алматы-2 – Астана-1». Алматы-2 станциясынан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді. Астана-1 станциясынан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

• №204/203 «Нұрлы жол – Шымкент». Нұрлы жол станциясынан: 2026 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді. Шымкент станциясынан: 2026 жылғы 15 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

• №205/206 «Ақтөбе – Астана-1». Ақтөбе станциясынан: 2026 жылғы 22 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін күнара жүреді. Астана-1 станциясынан: 2026 жылғы 23 желтоқсаннан 2027 жылғы 11 қаңтарға дейін күнара жүреді.

Пойыздар купе және плацкарт санатындағы стандартты вагондардан жасақталады. Билеттерді https://bilet.railways.kz/ ресми сайтынан, ал қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.

Наверх