Мереке кезінде қосымша электр пойыздар шығады

11 Желтоқсан 2019, 11:18
3806
Бөлісу:
Мереке кезінде қосымша электр пойыздар шығады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы желтоқсан мерекелері кезінде (Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл) "Жолаушылар тасымалы" АҚ екі бағыт бойынша қосымша электр пойыздарын іске қосады. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда:

• № 6803/6804 "Нұр-Сұлтан-Атбасар" бағыты бойынша 2019жыдың 17 және 31 желтоқсан және 2020 жылыдң 7 қаңтар күндері;
• № 7502/7501 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша 2019 жылдың 14 және 28 желтоқсан және 2020 жылдың 4 қаңтар күндері;
• № 7510/7509 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағыты бойынша 2019 жылдың 13, 15, 17, 30 және 31 желтоқсан және 2020 жылдың 3, 4, 7 қаңтар күндері.

Сондай-ақ, "Алматы-Новосібір" бағытындағы №301/302 жолаушылар пойызы бір реттік сапарға шығады. Алматыдан 2020 жылдың 2 қаңтарында, ал кері бағытта Новосібір қаласынан 4 қаңтар күні.

Бұған дейін хабарланғандай, мереке күндері ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша ("Алматы-2-Шымкент", "Алматы-2-Түркістан", "Маңғыстау-Бейнеу", "Нұр-Сұлтан-Шу") қосымша пойыздарды іске қосқан болатын.

Пойыздардың қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты 105 бірыңғай анықтама қызметі арқылы алуларыңызға болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).

Өзгелердің жаңалығы