«Менің де жүрегім ауырды». Павлодар облысының әкімі 7 жасар қыздың өлімі жайлы

27 Қараша 2023, 14:06
510
Бөлісу:
«Менің де жүрегім ауырды».  Павлодар облысының әкімі 7 жасар қыздың өлімі жайлы
Фото: ОКҚ

Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов 7 жасар Милана Давыдованың өліміне қатысты пікір білдірді деп, хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл өте трагедиялық жағдай болды. Іздеу жұмыстарына тікұшақ жібердік. Өте қатты жел болды. Жергілікті әкімдіктің ата-аналардың әдепсіз мінез-құлқына назар аудармағаны негізгі кінә саналады. Ауыл Екібастұздан 65 шақырым жерде орналасқан. Небәрі 7 үй ғана бар сол ауылда анасы тұрған, - деді облыс әкімі.

Өңір басшысының айтуынша, Екібастұз қаласында ғана қолайсыз отбасы ретінде 78, ал облыс бойынша 300-ден астам отбасы тіркеуге алынған.

Маған да бұл жағдай ауыр болды. Сіздер сияқты менің де жүрегім ауырды. Дегенмен біз қорытынды шығардық. Жұмыс істедік. Екібастұзда кеңес өткіздім, - деді облыс әкімі Асайын Байханов.

Өзгелердің жаңалығы