"Менікіндей комфорт тілеймін". Тұрмысы туралы айтқан Ерке Есмахан жұртты қызықтырды

26 Қаңтар 2024, 01:58
14481
Бөлісу:
"Менікіндей комфорт тілеймін". Тұрмысы туралы айтқан Ерке Есмахан жұртты қызықтырды
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан күнделікті тұрмыс-тіршілігі туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көпшіліктің көзайымына айналған жұлдызды жұп Ерке мен Райм екі айлық сәбиімен Мальдив аралдарында демалып жүр. Туристік мекенге "жеті адам болып келдік" деген Ерке оқырмандарын ойландырып қойды. Араларында "7 адам кім", "Бәріне өзің үлгеріп жүрсің бе?" деп сұрағандар да болды. Осы мәселенің басын ашпақ болған әнші күнделікті тұрмыс-тіршілігі туралы айтып, оқырмандарының басты сұрақтарына жауап берді.

Сонымен 7 адам кім деп сұрағандарға, Ерке осы сен не істейсің? Бәріне өзің үлгеріп жүрсің ба? деп қоймай сұрап жатқандарға жауап берейін. Мальдивқа Райм және мен, қайным, Муслим Ислам, Няня мен көмекшім келдік. Мені шаршап жүр екен деп ойлап қалмаңыздар. Тұрмыс-тіршілігімді толығымен айтып берейін. Негізі керек болса бәрін өзім жасаймын, қолымнан бәрі келеді. Бірақ жасамаймын. Еркемін еркелет өмір, ер жігіт еркелете біл деп бекер әндетпеппін кезінде. Ислам дүниеге келгелі, үй жинап, кір жуып, киім үтіктеп, азық түлікке барып, дәмді тамақты дайындап қоятын, бааар тірлікті істейтін үй жұмысшысы бар. Муслимді сабаққа, тренировкаға апарып, алып келетін водитель бар. Няня ол міндетті түрде. Жұмыс жағын реттеп отырған 2 директорымыз бар. Барлық осы қасымыздағы жандарға мың алғыс, - деді ол.

Бұдан бөлек өнер иесі оның басты міндеті не екенін айтты. 

 Бар жағдайымызды жасап, отбасын асырап отырған, адал табысты, несібесі мол, берекелі күйеуім. Барлық еркелеуім осы жолдасымның арқасы. Шүкір! Рахмет, жұмағым. Шын, мен дым істемеймін, кітап оқимын, сериал, кино көремін, шопинг, уход жасаймын, тағы басқа өзімнің жұмыстарым ғана. Менің міндетім тек Исламның қасында болуым керек, уақытылы емізуім керек және күйеуімнің қас қабағына жауаптымын и всё, - деді әнші.

Сондай-ақ "дәл менікіндей комфорт тілеймін" деп атап өткен Ерке Есмахан болашақта қызды болғысы келетінін жасырмады.  

Оой ужас, ештеңе істемейді екен, жалқау, құтырған деп шошымаңыздар. Әркімнің тіршілігі әр түрлі. Маған Алла осылай бұйыртыпты. Сіздерге де дәл менікіндей комфорт тілеймін. Алла жанұяларыңызға молшылық, бақыт, бөпе нәсіп етсін. Әр қазағым, әр әйел адам тек жақсыға лайықты. Сол үшін бұйырса енді қыз тумасам болмас деп отырмын ғой. Өзім ай өзім. Барлығына Аллаға сааансыз шүкір! Шүкір! Шүкір!, - деп түйіндеді ол.

"Менікіндей комфорт тілеймін". Тұрмысы туралы айтқан Ерке Есмахан жұртты қызықтырды
Өзгелердің жаңалығы