"Мен сыйға тартқан орамал". Атырауда орамалдар көрмесі өтті

3 Наурыз 2020, 19:51
6185
Бөлісу:
"Мен сыйға тартқан орамал". Атырауда орамалдар көрмесі өтті
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. "Мен сыйға тартқан орамал" осындай атаумен Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі орамалдар коллекциясынан экспозициялық көрмесін ұйымдастырды.

Мұнда атыраулықтар алғашқы жаулықтарды 1960 жылы тапсырыпты. Мұражайда 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Жайық бойын жайлаған қазақ қыздары тартқан жібек орамалдар да тұр.

орамал 5.jpg

Санамызды әріге жүгіртіп қарасақ, бұл шараның берері көп. Орамал туралы айта бастағанда алдымен аналармыз еске түседі. Жаулықтың түрі бар. Кішкентай қыз балалар далаға шыққанда бастарына күн тимес үшін қызғылт шылауыш дейтін шаршы бастыртып тартқан. Ол шаштарын күн көзінен қорғаған. Одан кейін, жәй ғана жеңіл орамал дейтін болады. Оны үйде жүрген жас келіншектер шаш жинауға тартаты. Одан соң салиқалы орамалдар болады. Олар шарқат, мәлкілдек, кимешек, жаулық, сұлама жаулық, түндік дейді. Түндікті Кші жүзде көп қолданған. Европалық талғамға ауысқанша біздің аналарымыз осы түндікті тағып келді, - дейді Махамбет ауданының Құрметті азаматы, ардагер ақын Жәниба Қарасаева.

орамал 1.jpg

Кимешек, шархат, шілтерлі, түндік, шәлі, қызыл жібек орамал... Тарихи атауы сан түрлі орамал бүгінде музейдің төрінен орын алып тұр. Оның маңыздылығы соншалық, ертеде ел ішінде дау бола қалса, аналар жаппай бастарындағы ақ жаулықтарын ортаға тастап, екі жақты татулыққа шақырған. өңірдегі ақ жаулықты аналар мен студенттердің басын қосып "Мен сыйға тартқан орамал" деп аталатын шараға ақ жаулықты аналар мен студенттер қатысты.

орамал 6.jpg

Бұл танымдық шараны 8 наурыз халықаралық аналар мерекесіне орай ұйымдастырып жатырмыз. Негізгі мақсаты ақ жаулықтың қадірін, қасиетін өскелеңұрпаққа, бойжеткендерімізге түсіндіру, ұғындыру болып табылады. Шарамызға өлкемізге белгілі алтын құрсақты аналарымызды, қаламгер апаларымызды, әжелерімізді шақырдық. Олар алдағы уақытта біздің қорымызды өздерінің орамалдарымен толтыратын болады, - дейді Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының орынбасары Сая Газимова.
орамал 2.jpg
орамал.jpg
Өзгелердің жаңалығы