Мемлекеттік қызмет пен шенге қызыққан емеспін – Айқын Төлепберген

6 Мамыр 2021, 20:49
1417
Бөлісу:
Мемлекеттік қызмет пен шенге қызыққан емеспін – Айқын Төлепберген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Желмая» жобасының қонағы болған әнші өзінің әңгімесі барысында осылай деп айтты.

Оның айтуынша, ол таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін істейтін, әрі белгілі бір шектеулерді талап ететін қызмет атқаруға бейім емес. 

Себебі мен еркіндікті жақсы көремін. Менің үстімнен біреудің бұйырық беріп, мынаны істе, осылай жаса дегеніне де үйренбегенмін. Бостандық үшін жаралғанмын, ол жағынан алғанда сахна мен өнер менікі. Алайда ондай қызметті атқарып жүрген әріптестерім бар. Демек олардың мемлекеттік қызметті атқару  қолдарынан келеді, қабілетті. Мен тек өзім үшін жауап берейін, менің қолымнан келмейді. Өз басым шығармашылық адамы болғандықтан ешқашан мемлекеттік қызмет пен шенге қызыққан емеспін, - дейді әнші.

Ол сонымен қатар қоғамда болып жатқан қандай мәселелер алаңдататыны жайлы да сөз қозғады. 

Айқын Төлепбергеннің айтуынша, оны халықтың тұрмысы, әлеуметтік жағдайы мен мәдениетіне қатысты мәселелер алаңдатады. 

Халықтың әлеуметтік желідегі жалған ақпараттарға сенуі, ізденіп ол жайлы толық мағлұмат алуға тырыспауы көңілді құлазытатыны бар. Бұл бәлкім сауаттылықтың төмендігі шығар, - деп түйіді ол.

Өзгелердің жаңалығы