Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Мен бәрін мойныма аламын деп келістік": Шерзат ісі бойынша басты айыпталушы

21 Мамыр 2025, 11:31
1248
Бөлісу:
 видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Басты айыпталушы Абзал Шынасылдан жауап алынуда. 

Ол бастапқы берген жауабынан тайқып, жартылай ғана мойындаймын деп отыр. Бастапқыда өзге айыпталушылармен келіскендіктен бәрін мойнына алғанын айтты. 

Мойныма алған себебім, Талғар қалалық Полиция департаментінде болған кезде бізге "бір адам өз мойнына алмаса, бәріңе қиын болады. "Групповой" кетесіңдер" деді. Сонымен бізді Қонаев қаласына "этаппен" алып кететін болды. Алып бара жатқан кезде Газельдің ішінде (істің басқа айыпталушылары – ред.) Равиль Сәкиев, Азамат Тоқтаубаев және Шыңғыс Белғожаевпен кім қалай айтатынын келісіп алдық. Менде пышақ болғаннан кейін іштей ойланып, алсам мен Шерзатты мойныма ала салайын дедім. Ал Нұрқанаттың жамбасына тыққан пышақты Шыңғыс (мойнына – ред.) алатын болды, - деп жауап берді басты айыпталушы. 

Еске салайық, Абзал Шынасылға ҚК 99-бабы (Адам өлтіру), 24-бабы (Қылмысқа дайындалу және оқталу), 293-бабы (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау) айыптары тағылған.

Бұған дейін басты айыпталушы пышақты сүртіп, жолшыбай лақтырып кеткенін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы