Мемқызметкерлердің қысқаруы Президент жанындағы резервке еш әсері жоқ – Жаилғанова

27 Желтоқсан 2021, 14:13
1380
Бөлісу:
Мемқызметкерлердің қысқаруы Президент жанындағы резервке еш әсері жоқ – Жаилғанова

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызметкерлердің саны қысқарған жағдайда, биыл Президент жанындағы жастар резервіне іріктелген азаматтар жұмыссыз қалмай ма?

Бұл сұраққа орталық коммуникацяилар алаңындағы брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова жауап берді.

Оның айтуынша, биыл мемлеккеттік қызметкерлер саны 10 пайызға, ал келесі жылдан бастап 15 пайызға қысқартылады.

Агенттік 10 пайыздық қысқартуды жылдың басында орындап тастады. Мұның Призидент жанындағы іріктелген 50 адамға ешқандай әсері болмайды. Олар жұмысқа қабылданады. Өйткені қабылданған азаматтар өз істерінің үздігі болып табылады,–  деді агенттік төрағасы.

Оның мәліметі бойынша, биылғы іріктеуге қатысқан жастардың ішінде өңірлерге барып жұмыс істеуге дайын үміткерлер көп болған.

Әсіресе, жігіттердің бәрі қандай өңірге жіберсе де жұмыс істеуге дайын екендерін айтып отыр. Біздегі білікті маман тапшылығы көбінесе өңірлерде байқалып отыр. Аудандарда, ауылдарда деген сияқты. Қуанғанымыз, іріктеуге келген жігіттердің бәрі қай өңірге бар десе, баруға дайын екендерін айтты. Екібастұз, Жезқазған сияқты моноқалалар бар ғой бізде. Қыздардың көбі отбасылық жағдайына байланысты бас тартты. Оларды да түсінуге болады. Ал жігіттер өңірлік тәжірибе жинау үшін баруға дайын екендерін айтты. Сондықтан да олар іріктелген 50 адамның қатарында болады. Өйткені Президентке сондай адамдар керек, – деді Анар Жаилғанова.

Өзгелердің жаңалығы