Мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымында жүргендердің жалақысы қаншаға өседі?

4 Қыркүйек 2020, 10:52
3998
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметтің төменгі лауазымында жүргендердің жалақысы қаншаға өседі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік қызметкерлерді оңтайландыру есебінен төменгі лауазымдағы қызметкерлердің жалақысы қаншаға өсетінін айтты.

Кадрларды оңтайландыру бизнес-процестерді оңайлатумен және автоматтандырумен қатар жүреді, - деді Руслан Даленов онлайн-брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.  

Сонымен қатар, оның айтуынша, бірқатар басқарушылық құрылымды қысқарту ұсынылады.  

Әсіресе, ынталандырушы фактор - төменгі деңгейдегі жалақының өсуі. Былтыр қарапайым қызметкерлердің жалақысы 25%-ға көбейді. Кадрларды оңтайландырудың арқасында жалақыны орта есеппен тағы 15% -ға көтеруге болады, - дейді министр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында шенеуніктердің санын қысқартуды тапсырған болатын.

Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз. Үнемделген қаражат арқылы қалған қызметкерлердің жалақысы арттырылады,- деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы