Мемлекеттік тілде жауап беруге шорқақ. Депутат Үкімет мүшелерінің дайындалмай келетінін сөкті

30 Маусым 2022, 11:51
1292
Бөлісу:
Мемлекеттік тілде жауап беруге шорқақ. Депутат Үкімет мүшелерінің дайындалмай келетінін сөкті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан айтты. 

Біздің Спикеріміз де бұл туралы айтты. Біз осы мәселеге қатысты депутаттар тарапынан наразылық білдіргенбіз. Себебі көбі орысша айтқанда «отписка» дейді, жауаптармен солай болды. Былтырғы жылы да солай болды. Жылдың басында өзіміздің көңіліміз толмайтынын Үкіметке палата отырысында айттық. Мәжілістің жиынына сұрақтар мен сауалдарға  дайындалмай келеді. Мемлекеттік тілде жауап беруде де шорқақ, оның сыртында нақты қойылған сұрақтарға жазбаша жауап беруге рұқсат сұрайды. Үкмет міне тұр, Парламент міне тұр. Ондай болса, біз бір-бірімізге хат жазып отыра берейік, жұмыс бітпейді ғой. Сол мәселеге қатысты депутаттар тарапынан наразылық болды. Бұл мәселе жолға қойылып келе жатыр, - деді Әшімжан. 

Депутат атағандай, Парламенттің күн тәртібіне депутаттардың сұрақтарына ауызша жауап алу бойынша жеке-жеке министрлерді шақыру ұсынысын енгізілген. 

Осыдан Үкімет мүшелері нәтиже шығарып келе жатыр, - деді ол. 

Айта кетейік, бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттары каникулға кетті. Осылайша, жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті екінші сессиясы жабылды. 

 

Өзгелердің жаңалығы