Мемлекеттік сыйлық енді Абай атымен аталады

9 Қаңтар 2020, 12:30
8339
Бөлісу:
Мемлекеттік сыйлық енді Абай атымен аталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін жариялаған "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында жазды.

Президент аталған мақаласында биыл Абайдың 175 жылдығын елімізде кең көлемде тойлау жоспарланып отырғанын және ақынның еңбектері бірнеше тілге аударылып, "Абай" телесериалы түсірілетінін айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бұдан былай әдебиет және өнер саласындағы үздік шығармаларға берілетін мемлекеттік сыйлық енді Абай атындағы мемлекеттік сыйлық деп аталатынын жеткізді.

Ақын тойынан өнер саласы да тыс қалмайды. Республикалық және ха­лық­аралық деңгейде театр және музыка фестивальдары өтеді. Биылғы бәй­гелер Абай шығармашылығына ар­на­лады. Әдебиет және өнер саласын­дағы үздік шығармаларға берілетін мем­ле­кет­тік сыйлық енді Абай атын­дағы мем­лекеттік сыйлық деп аталатын болады, - деді мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ, Абайдың тұлғасы мен мұра­сын ұлық­тау шетелдерде де жалға­сады. Ресей­дегі, Франциядағы, Ұлыбри­­та­ния­да­ғы және басқа да мемлекеттердегі Қазақ­­станның елшіліктері жанынан "Абай орталықтарын" құру жос­пар­ла­нып отыр.

Өзгелердің жаңалығы