Мемлекеттік қызметшілер арасындағы еріктілер қозғалысына серпін беріледі

20 Маусым 2023, 20:30
945
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы еріктілер қозғалысына серпін беріледі
Фото: МҚІА баспасөз қызметі

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қызметін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талқылауға Агенттік және оның аумақтық бөлімшелері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері мен Ұлттық еріктілер желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк қатысты.

Талқылау барысында МҚІА аумақтық депаратменттері жанынан еріктілер болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің қызметін үйлестіретін Еріктілер кеңестері құрылғаны айтылды. Қатысушылардың пікірінше, еріктілер бастамалары мемлекеттік қызметшілер арасында танымалдылыққа ие болып, олар жұмыстан бос уақытында білім беруден қоршаған ортаны қорғауға дейінгі өмірдің түрлі салаларындағы еріктілер қызметі бойынша бастамаларға белсенді түрде қатысуда.

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы еріктілер қозғалысына үлкен серпін беру мақсатында Еріктілер кеңесінің жұмысын өзектендіру туралы шешім қабылданды. Енді жергілікті жерлерде кеңестер еріктілер – мемлекеттік қызметшілердің жұмысын үйлестірумен қатар, еріктілер – мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсететін алқалы орган болады.

Сондай-ақ қатысушылар еріктілік мемлекеттік қызмет имиджінің маңызды бөлігі екенін және ол мемлекеттік қызметшілердің жеке дамуына, жаңа білім мен дағдыларды игеруіне қажетті жағдайлар жасайтындығын айтты. Осыған байланысты, алаңда еріктілер болып табылатын мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу тетіктерін пысықтау мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы