Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қандай іс-шараларды іске асыруда?

22 Ақпан 2022, 12:05
3177
Бөлісу:
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қандай іс-шараларды іске асыруда?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2021 жылы қандай іс-шаралар іске асырылғанын айтты.

Агенттік стратегиялық құжаттарды Мемлекет басшысының тапсырмаларын және Президент Жолдауында қойылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2021 жылы агенттік мемлекеттік аппаратты оңтайландыруға, мемқызметкердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, қызметке неғұрлым бәсекеге қабілетті және дарынды жастарды тартуға бағытталған бірқатар іс-шараны іске асырды, - делінген баядамада. 

Агенттіктің мәліметінше, 2021 жылы Президенттік жастар резервіне кезекті іріктеу өткізіліп, 50 адам қабылданған.

Бұл жұмыс тек орталықта емес аумақтық департаментте атсалыстыра отырып, өңірлік деңгейде жүргізілетін болады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, іріктеу жүйесін жетілдіру және мемқызметтен шығу тәртібін жеңілдету бойынша агенттік өз жұмысын бастады. Бізге кадрларды реттеудің және оларды ашық әрі әділ жүйесін қалыптастыру қажет. Мемлекеттік қызметте цифрлық технологияларды кеңінен қолдану үшін үй қызмет жүйесін дамыту және жаңғырту жұмысын жүргізуде, - деді Агенттік өкілі. 

Еске салайық, алғашқы рет резервке іріктеу 2019 жылы ұйымдастырылып, резевке 300 адам алынған болатын. Қазіргі таңда 350 адамның 209 мемқызметкер жұмысқа орналастырылды.

Агенттіктің хабарлауынша, резервшілерді ынталандыру және олардың әлеуетін пайдалану бойынша жұмыс жалғасатын болады. 

Өзгелердің жаңалығы