Мемлекеттік құпияларға рұқсат берудің бірыңғай талаптары белгіленді

15 Қараша 2023, 11:44
384
Бөлісу:
Мемлекеттік құпияларға рұқсат берудің бірыңғай талаптары белгіленді
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжілісте депутаттар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет мәселелері бойынша түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заңның мақсаты – ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру.

ҚР Терроризмге қарсы орталығының және жергілікті атқарушы органдардың экстремизмнің алдын алуды үйлестіру және ұйымдастыру жөніндегі құзыреттері кеңейтіледі. Мемлекеттiк құпияларды қорғау шараларын күшейту мақсатымен мемлекеттiк қызметшiлер мен мемлекеттiк қызметте жоқ адамдар үшін мемлекеттiк құпияларға рұқсат берудің бiрыңғай талаптары белгiленген.

Сондай-ақ заң мемлекеттік қызметкерлердің арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезіндегі әлеуметтік кепілдіктерін күшейтеді. Атап айтқанда, түзетулер арқылы атақтар беру, аттестаттаудан өту және жоғары оқу орындарында оқу тәртібі жетілдіріледі.

Жиырма бес жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлерге өз қалауы бойынша жұмыстан босату құқығы қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында қызметкерлерді ұлттық қауіпсіздік органдарынан босатудың неғұрлым икемді шарттары ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы