Мемлекеттік мекемелерде компьютерлер 8 сағаттық жұмыстан соң автоматты түрде сөндіріледі 

12 Наурыз 2020, 21:22
1540
Бөлісу:
Мемлекеттік мекемелерде компьютерлер 8 сағаттық жұмыстан соң автоматты түрде сөндіріледі 

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі 400-ден астам мемлекеттік мекемеде сегіз сағаттық жұмыс күнінен соң компьютерлер автоматты түрде сөндіріледі. 

 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ерлан Төлегеновтің айтуынша, өңірдегі ведомстволарда мамандардың жүктемеден тыс жұмыс істеу деректері тіркелген. 

Бұл жүйе мемлекеттік қызметшілердің еңбек жүктемесінен артық жұмыс істеуге жол бермеу үшін енгізілді. Бұған дейін жүргізілген рейдтік шаралар барысында Павлодар қалалық білім беру, жер қатынастары бөлімдері, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасында асыра жұмыс істеу деректері анықталды. Жауапты мамандарға ескерту жасалды, - дейді Ерлан Төлегенов. 

Мемлекеттік мекемелерде "Ыңғайлы жұмыс" кестесі де енгізілді. Бұл жүйе 15 мемлекеттік органда жұмыс істейді. Нақтырақ айтқанда, 10 жергілікті атқарушы орган, 5 орталық мемлекеттік орган жаңа жүйеге көшті. Бас-аяғы 311 қызметші осындай кесте бойынша жұмыс істейді. 

 Айта кетейік, облыста мемлекеттік қызметте кадр тапшылығы байқалады. 400-ден астам мемлекеттік мекемеде 5 мыңнан астам маман еңбек етсе, олардың 10%-ы бос тұр. 

Өзгелердің жаңалығы