Мемлекеттік кеңесші Археология институтының жұмысымен танысты

23 Маусым 2023, 16:22
550
Бөлісу:
Мемлекеттік кеңесші Археология институтының жұмысымен танысты
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтына барып, жұмысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында аталған институттың жұмысын жаңғыртып, оның өз деңгейінде қызмет жасауы үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде тапсырма бергені баршаға белгілі.

Ерлан Қарин институттың ағымдағы жөндеуден өткен лабораторияларымен, қор сақтау қоймасымен, архивімен, кітапханасымен танысып шықты.

Мұнан кейін Мемлекеттік кеңесші Археология институтына қатысты арнайы жиын өткізді. Онда институт директоры Ақан Оңғар мекемедегі проблемалар мен оны шешу жолдары жайында баяндады.

Жиын соңында Ерлан Қарин Президент тапсырмасын орындауға қатысты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты міндет жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы