Мемлекеттік филармонияда би ансамблінің концерті өтті

10 Желтоқсан 2021, 08:37
2141
Бөлісу:
Мемлекеттік филармонияда би ансамблінің концерті өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы ALEM эстрадалық би ансамблінің құрылғанына 5 жыл толуына орай мерейтойлық маусым ашар «Inside» би кеші өтті. 


2016 жылы құрылған керемет би ұжымының көркемдік жетекшісі – Лаура Мұқаева.

Екі күн өтетін Inside би кеші - отандық және шетелдік композиторлардың музыкасын қолданатын заманауи эксперименттік хореография тұжырымдамасы. Бұл кештің ерекшелігі келген көрермен мен бишілердің арасы бөлінбей, сахна бәріне ортақ болады.

би2.jpeg

«Boi» және «Sezim by» атты екі хореографиялық миниатюрадан тұратын кеште Қазақстандық музыканттар мен композиторлардың әндері пайдаланылды.

 Эстрадалық би ансамблінің қоржынында қазақстандық композиторлардың музыкасынан бөлек түрлі хореографиялық композициялар, әлем халықтарының билері бар.


Өзгелердің жаңалығы