Мемлекеттік еңбек инспекторлары 5,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

8 Сәуір 2024, 20:20
252
Бөлісу:
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 5,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 92 кәсіпорында 7,4 мың жұмыскерге 1,3 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 112 нұсқама беріліп, 11,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5,4 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 560 млн теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы