Мемлекеттің барлық ресурстары азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған – министр

31 Шілде 2020, 22:28
1248
Бөлісу:
Мемлекеттің барлық ресурстары азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл мұсылмандардың ең маңызды ауқымды екі мерекелерінің бірі.
Құрбан айт адам өміріне баға жетпейтінін және қасиетті екенін көрсетеді. Коронавирус індеті өмірдің қаншалықты бағалы екенін тағы бір мәрте еске салды, - деді Сұлтанов. 
Министр жарты жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлем және біздің еліміз вирусқа қарсы күресіп жатқанын айтты. 
Қазақстанның барлық күштері, мемлекеттің барлық ресурстары қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Бәріміз бірігіп инфекцияны жеңе алатынымызға сенімдімін.
Барлығымызға денсаулық пен амандық тілеймін, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы