Мемлекетке 1,6 млрд теңге қайтарылды

31 Шілде 2023, 10:48
1496
Бөлісу:
Мемлекетке 1,6 млрд теңге қайтарылды
Фото: Астана қаласының прокуратурасы

Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына шығарылған сот актілерінің орындалуына талдау жасады.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен сотталғанға тиесілі жалпы бағасы 1 млрд 62 млн теңге болатын 5 жер учаскелерін өндіру арқылы келтірілген шығын мемлекет пайдасына өтелді, - делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Осылайша, прокуратураның қабылдаған шараларымен қылмыс жолымен табылған сотталғанның мүлкін мемлекет пайдасына өндіру арқылы сот үкімі орындалды.

Өзгелердің жаңалығы