Мемлекетаралық іздестіруде болған қылмыскер Екібастұзда ұсталды

4 Сәуір 2022, 18:09
1569
Бөлісу:
Мемлекетаралық іздестіруде болған қылмыскер Екібастұзда ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Мемлекетаралық іздестіруде болған қылмыскер Екібастұзда ұсталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел қызметкерлер Екібастұз қаласының пробациялық бақылаудан Қырғызстан Республикасында жасырынған 41 жастағы қылмыскерді ұстады.

Ер адам Қырғызстанда ұрлық жасағаны үшін сотталды, алайда 2003 жылдан бастап бақылаудан жасырынып, мемлекетаралық іздестіруде болды.

Оны анықтағаны жайында іздестіру бастаушысына мәлімденді. Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар жедел қызметкерлері 17 қылмыскердің орналасу жерін анықтады.

Өзгелердің жаңалығы