Мемлекет паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін қажетті жағдай жасай береді – Көшербаев

7 Қыркүйек 2021, 17:04
18315
Бөлісу:
Мемлекет паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін қажетті жағдай жасай береді – Көшербаев
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Мәдениет және спорт министрлігінде Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпиондарын марапаттау рәсімі кезінде айтты.

Мемлекет паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін қажетті жағдай жасай береді – Көшербаев
Кеше ғана төрткүл дүние ерік-жігердің, темірдей төзімнің, өмірге құштарлықтың куәсі болды. Жаратқан адамның кейде мүмкіндігін шектегенімен, ниетін шектемейтінін көзімізбен көрдік. Токиода өткен Паралимпиада ойындарында спортшылардың ерлігіне жер жүзі тік тұрып құрмет көрсетті. Олай болуы заңдылық еді. Өйткені олар тепсе темір үзетін, 12 мүшесі дін аман, дені сау адамдар кейде жете алмаған жетістікке жетіп, белесті бағындырып, жеңіс туын желбіретті. Расында бұл құрметке де, қошеметке де лайық әрекет, - деді Мемлекеттік хатшы.
Қырымбек Көшербаев еліміздегі параспортпен айналысып жүрген спортшыларға тоқтала кетті.
Токио Паралимпиадасында біздің еліміз өз спортшыларын үкілеп қосты. Дүбірлі дода алдында Мемлекет басшысы спортшыларды арнайы қабылдап, ақ жол тіледі. Кездесу барысында Президент әлемдегі жүз мыңдаған спортшының арасынан үздік шығып, ойындарға жолдама алу екінің бірінің қолынан келе бермейді деген болатын. Президент айтқандай, сіздер оған кәсіби біліктілік пен дайындықтың арқасында қол жеткізуге болатынын дәлелдедіңіздер. Параспортпен айналысатын әрбір адам – жеңімпаз. Бүгін еліміз бойынша 20 мыңға жуық азамат параспорт түрімен жүйелі түрде айналысып келеді. Соның ішінде 500 спортшы Ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді. Мемлекет паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін қажетті жағдай жасай береді, - деп атап өтті ол.
Мемлекет паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту үшін қажетті жағдай жасай береді – Көшербаев

Мемлекеттік хатшы атап өткендей, қазір өңірлерде параспортшыларға арналған 16 арнайы топ пен мектеп жұмыс істейді. Осы ретте елордамызда 2018 жылы ашылған Паралимпиадалық жаттығу орталығы жұмыс істейді. Заман талабына сай жабдықталған орталық АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея елдерімен қатар біздің елде де бар.
Өзгелердің жаңалығы