Мемлекет басшысына екі құқықтық жоба таныстырылды

30 Маусым 2023, 15:47
635
Бөлісу:
Мемлекет басшысына екі құқықтық жоба таныстырылды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына «Дактилоскопиялық тіркеу» және «Есірткі қылмысымен күрес» жобалары таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ 

Бұл жоба азаматтарға уақыт үнемдеп, құжаттарын өз бетінше рәсімдеуге мүмкіндік береді. Ең басты ерекшелігі – суретке түсірген кезде адамның бет-бейнесін таниды. Бұл заңсыз құжат рәсімдеу фактілерін болдырмайды. 2024 жылы 1 қаңтардан бастап жеке басты куәландыратын құжат беру кезінде міндетті дактилоскопиялық тіркеу қолданылады. Деректер қорына саусақ ізі дактосканерлер арқылы енгізіледі. Азамат келесі рет өтінім жасағанда оның кім екені саусақ ізі арқылы анықталады. 

Мемлекет басшысына екі құқықтық жоба таныстырылды

Сонымен қатар мемлекет басшысына «Есірткі қылмысымен күрес» жобасы таныстырылды. Ескірті тарату қылмысына қарсы іс-қимылға арналған бұл жобада қылмыстық байланыстардың, телефон арқылы сөйлесулердің және ақша аударымдарының схемаларын визуалды түрде кеңірек көрсететін ақпараттық-талдау бағдарламасы қолданылады. 

Жалпы, жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қазіргі кезде: 

2300 ескірті сататын сайт бұғатталды; 

1300 есірткі қылмысы әшкереленді; 

6 мың тоннадан астам есірткі тәркіленді.

Өзгелердің жаңалығы