Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен кездесті

21 Тамыз 2023, 18:10
669
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен кездесті
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аясында Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Әңгімелесу барысында қазақ-вьетнам күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ халқы вьетнам халқы мен елдің жетістіктеріне зор құрметпен қарайды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өз сапарының негізгі мақсаттарының бірі барлық саладағы ынтымақтастыққа, соның ішінде экономикалық қатынастарға тың серпін беру екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен кездесті

Президент екі елдің көпжақты байланыстарын нығайту үшін бірлескен жұмыстарды белсенді жүргізуге дайын екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық өзгерістер туралы айтты.

Өз кезегінде Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонг Қазақстан мен Вьетнам арасында берік достық пен ортақ құндылықтарға негізделген тығыз әрі үйлесімді қатынас орнағанын атап өтті.

Сондай-ақ Вьетнам халқы және жеке өзі Қазақстан мен оның халқына әрдайым ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы