Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

30 Қараша 2023, 17:24
432
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Румыния Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Клаус Йоханнисті Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Румынияның ұлттық мерекесі – Ұлы бірігу күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Румыния – саяси тұғыры бекем, экономикасын нығайтуда көптеген жетістікке қол жеткізген халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі. Осы тұста еліңіз алдағы уақытта да биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігімді білдіремін. Қазақстан мен Румыния арасында қалыптасқан өзара тиімді ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Оған Сіздің қосып отырған жеке үлесіңізді жоғары бағалаймын. Екіжақты ықпалдастығымыз келешекте де табысқа толы болатынына кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Румыния Президенті Клаус Йоханнистің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал румын халқына баянды бақыт пен амандық тіледі.

Өзгелердің жаңалығы