Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті

18 Наурыз 2024, 14:00
1068
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы