Мемлекет басшысы Самарқанд қаласындағы «Регистан» алаңында тал егу шарасына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысушы елдердің басшыларымен бірге Самарқанд қаласындағы «Регистан» алаңында тал екті.
Түркі дүниесінің бірлігі бекем болсын деген тілекпен Өзбекстанның 14 өңірінде, еліміздің Түркістан қаласында және Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Мажарстан мемлекеттерінің астаналарында көшеттер бір мезетте отырғызылды