Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесті

25 Желтоқсан 2023, 21:50
495
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Борис Ельцин атындағы президенттік кітапханаға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысын Ресей Президенті Владимир Путин қарсы алды.

Бүгін, 25 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.

Өзгелердің жаңалығы