Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты

31 Қазан 2019, 18:58
1586
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Пәкістан президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда жолаушылар поезында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан сізге және қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, орны толмас қайғыға ортақтасамын. Сондай-ақ, жантүршігерлік оқиға кезінде зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы