Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

20 Сәуір 2021, 12:37
1333
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау органдарының екінші жартыжылдықта өтуге тиіс аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттердің және ауылдық округтерден тыс ауылдардың әкімдерін тікелей сайлауға дайындығы туралы баяндалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.


Сонымен қатар пандемия кезінде өтетін сайлау барысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевқа бірқатар нақты тапсырма берді.
Өзгелердің жаңалығы