Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

4 Желтоқсан 2019, 13:35
2955
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Сапар барысында канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған. 

Сапар бағдарламасына мемлекет басшысының президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев 6 желтоқсанда Берлинде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің, Германияның мемлекеттік органдары өкілдерінің, "Германия – Орталық Азия" парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейді, Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысады. Сондай-ақ, неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді, - делінген жазбада.


Өзгелердің жаңалығы