Мемлекет басшысы: Этносаралық факторды саясиландыруға жол беруге болмайды

29 Сәуір 2022, 13:03
1294
Бөлісу:
Мемлекет басшысы: Этносаралық факторды саясиландыруға жол беруге болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында мәлімдеді. 

Ассамблеяға Сенат депутатына кандидаттарды іріктеудің тиімді де әділ процедурасын әзірлеу қажет. Барлық бұл мәселе «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» жаңартылған заңда көрініс табуы тиіс. Партиялық және сайлау жүйесінің реформасы сайлау процесінде барлық азаматтардың қатысуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Іс жүзінде бүкіл электораттық ландшафтты қамтитын жаңа партиялардың пайда болуы болжанып отыр. Партиялық тізімдер, сондай-ақ бірмандатты округтер бойынша кандидаттарды сайлау Қазақстанның этникалық алуантүрлілігін нақты бейнелейтініне сенімдімін, - деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қандай дүниелерге жол беруге болмайтынына тоқталды. 

Сондай-ақ ешбір жағдайда этносаралық факторды, осы тақырыптағы жағымсыз, тіпті арандатушылық дискуссияны саясиландыруға жол беруге болмайды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Өзгелердің жаңалығы