Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

20 Наурыз 2023, 10:25
1355
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны  жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорда

Президент өз инстаграм-парақшасында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллс кортындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы