Мемлекет басшысы Ақордада Франция президентін қарсы алды

1 Қараша 2023, 11:26
1509
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ақордада Франция президентін қарсы алды
PHOTO
Фото: Арман Мухатов

Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Франция Президенті Эмманюэль Макронды қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның басшысы ел президенттеріне сәлемдік баянат берді. Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Мемлекет басшысы Ақордада Франция президентін қарсы алды

Әнұраннан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай беттеді.

Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Мемлекет басшысы Ақордада Франция президентін қарсы алды
Мемлекет басшысы Ақордада Франция президентін қарсы алды

Еске салсақ Франция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Мәртебелі мейманды елорда әуежайында премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алған еді.

Сонымен қатар шетелдік сарапшылардың Франция президентінің Қазақстанға келуіне орай білдірген пікірлерін де жариялаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы