Мектептерге кешенді тексеріс жүргізіледі - Марат Ахметжанов

7 Наурыз 2023, 10:47
962
Бөлісу:
Мектептерге кешенді тексеріс жүргізіледі - Марат Ахметжанов
Фото: primeminister.kz

Балалардың қауіпсіздігі - министрліктің ерекше бақылауында. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, бұрын терроризмге осал объектілер қатарына 200 адамнан тұратын оқу орындары кіретін. 2021 жылы бұл өлшем – 100 оқушыға дейін өзгертілді.

Нәтижесінде, мұндай білім беру объектілері  6,5 мыңнан 10 мыңға дейін өсті. Терроризмге қарсы қорғау жөніндегі Нұсқаулық бекітілді. Енді, адам саны 300-ге дейінгі мекемелерде – бейнебақылау мен жариялау жүйелері болу керек. Ал, 700 адамға дейінгі объектілер бейнекамераларды Жедел басқару орталықтарына қосып, дабыл түймелерін орнатуға тиіс. Адам саны 700-ден асса, бұл ұйымдарда және облыстық орталықтағы мектептерде турникеттер және лицензиясы бар күзетпен жасақталған келісімшарт болуы қажет. Қазіргі уақытта, осы талаптарға сәйкес, әкімдіктер білім беру ұйымдарының тізімін жаңартып жатыр, - деді Марат Ахметжанов Үкімет отырысында. 

Өзгелердің жаңалығы