Мектептегі Ashyq жобасы қалай жұмыс істейді?

12 Тамыз 2021, 12:40
8528
Бөлісу:
Мектептегі Ashyq жобасы қалай жұмыс істейді?

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектептегі Ashyq жобасы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Мектепке қойылатын Ashyq жобасы оқушылар үшін емес, мекеме қызметкерлері үшін жұмыс істейді. Егер ата-ана мектепке кіргісі келсе, тек Ashyq жобасы арқылы кіреді. Біз денсаулық сақтау басқармасымен тығыз байланыстамыз. Бұған дейін коронавируспен ауырған балалардың және науқаспен байланыста болғандардың тізімі қолымызда бар. Ондай балалар үшін қашықтан білім беру ұйымдастырылады, - деді Жылқыбаева. 

Бұған дейін ол Алматы мектептерінде 1-сынып оқушылары үшін жеке есік қарастырылатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы