Мектепте газ баллоны шашырап 30 бала ауруханаға түсті

13 Қыркүйек 2019, 15:56
1623
Бөлісу:
Мектепте газ баллоны шашырап 30 бала ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 қыркүйек күні Түркістан облысының мектептерінің бірінде 10 сынып оқушысы сыныпқа газ баллонын алып келіп, шашқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz хабарлады.

«Нәтижесінде 30 шақты оқушы өздерін нашар сезініп, оларды ауруханаға жеткізген. Барлық оқушыға медициналық көмек көрсетілді. 8 бала ауруханаға жатқызылды, олар дәрігерлердің бақылауында. Қалған балалар үйлеріне қайтарылды», - делінген хабарламада.

Оқушы қыздың сөзінше, ол газ баллонды даладан тауып алған. Мектепке алып келіп, кіре берісте шашып көрген. Аталған факт сотқа дейінгі тергеу амалдарының біріңғай реестріне тіркелген. Тексеру жүріп жатыр. Қазіргі уақытта полицейлер жағдайдың мән-жайын тексеріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, осындай жағдай елордалық мектептің бірінде болып, 9 бала ауруханаға түскен болатын.



Өзгелердің жаңалығы