"Мектепте атыс болады". Ақтөбе мектептерінде сабақ болып жатыр ма

25 Қаңтар 2024, 16:15
1996
Бөлісу:
"Мектепте атыс болады". Ақтөбе мектептерінде сабақ болып жатыр ма
Фото: BAQ.KZ -архив

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбеде мектепте сабақ штаттық режимде өткізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде белгісіз азаматтар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралғанын хабарлаған едік.

Оқу-ағарту министрлігі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеде жасап, Ақтөбе қаласында әлеуметтік желілерде мектепті басып алу мүмкіндігі туралы таратылған хабарлама шындыққа жанаспайтынын хабарлады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тергеу амалдарын бастады.

Комитет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қауіпсіздік жүйелерін күшейту, сондай-ақ еліміздің барлық білім беру ұйымдарында оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу жөнінде қосымша шаралар қабылдап жатыр. Білім беру ұйымдарындағы оқу процесі штаттық режимде жалғасып жатыр. Ата-аналардан сабырлы болуларын және үрей тудырмауларын сұраймыз. Ресми ақпарат көздеріне сену маңызды, - деп мәлімдеді комитет.

Өзгелердің жаңалығы