Мектеп, жол, дәрігерлік амбулатория: Биыл ауылдарда қандай жобалар аяқталды?

19 Қазан 2021, 09:55
7665
Бөлісу:
Мектеп, жол, дәрігерлік амбулатория: Биыл ауылдарда қандай жобалар аяқталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев биылғы жылы ауылды жерлерде қандай жобалар іске асқаны туралы баяндап берді.

Биылғы жылы «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 480 ауылды дамытуға 106 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың 1 қазанына қаржыландыру жоспарына сәйкес игерілгені 96%, - дейді министр.

Ерғалиев өңірлерде қандай жобалар аяқталғаны туралы айтып берді.

Қостанай облысының Ұзынкөл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Павлодар облысының Қызылжар ауылында ауысымына 100 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қызылорда облысында Жалағаш ауылындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл облысында Айша-бибі ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.

Министрдің сөзінше, 2019-2021 жылдары Мемлекеттік бағдарламалар бойынша және жеке инвестициялар есебінен ауылдық аумақтарды дамытуға 1,2 трлн теңге бағытталды.

Өзгелердің жаңалығы