Әлеуметтік желіде Астанадағы №99 мектептің оқушылары гардеробтағы кептеліс кезінде жарақат алып, тынысы тарылып, құлағаны туралы ақпарат тарады. Білім басқармасы оқушылардың бір уақытта осылай топталып, жиналып қалуын екінші ауысымның сабақ кестесін жасаудағы қателікпен түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Білім басқармасы мәлім еткендей, жеті сынып бір мезетте сабақты аяқтап, сыртқы киімін алуға кеткен. Оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен босатылған.
Мектепте екінші ауысымдағы сабақ кестесін ұйымдастырудағы сәйкессіздікке байланысты жеті сыныптың оқушылары сабақ аяқталғаннан кейін бір мезетте шыққан. Соның салдарынан сыртқы киім ілетін аймақта оқушылардың қысқа уақытқа жиналып қалуы орын алған. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу нәтижесінде оқушының есінен танып, құлағаны туралы ақпарат расталмады. Мектепте сыртқы киім ілетін аймақта қызметкерлердің бақылауы мен кезекшілігі күшейтілді. Сонымен қатар оқушылардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылданды. Оқиғаға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды, - деп хабарлады Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы Аяжан Амантайқызы BAQ.KZ сауалына берген жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда сабақ үстінде төбелес болып, оқушы ауруханаға түсті.
Тағы оқи отырыңыз:
«Отбасылық өміріне араласқаны үшін жазалаған»: Ер адам қолы байлаулы, жалаңаяқ жүрген әйелге көмек көрсетті
Көршілер арасындағы жанжал: Шымкентте ер адам қаза тапты
Көкшетауда мектеп маңында бала көліктен құлап, жүргізуші жауапқа тартылды