Мексикада COVID-19 вакциналар қоры таусылып жатыр

5 Ақпан 2021, 20:08
1245
Бөлісу:
Мексикада COVID-19 вакциналар қоры таусылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 коронавирусы салдарынан қиын жағдайға тап болған Мексикада вирусқа қарсы вакциналардың қоры аяқталуға жақын, ал вакциналардың жаңа партиясы елге ақпан айының ортасында келуі керек, деп хабарлайды Associated Press (AP). 

AP мәліметі бойынша, әзірге Мексика Pfizer және BioNTech-тен вакцинаның тек 760 мың дозасын алды, ал қазіргі уақытта шамамен 89 мың пайдаланылмаған доза қалған, оның өзі екінші рет вакцина алатындарға салынады.

Билік ақпан айының ортасында Pfizer және BioNTech вакциналарын көбірек алуға үміттеніп отыр, ал осы айдың соңында елге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 400 мың дозасы жеткізіледі. Алайда, AP атап өткендей, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған 750 мың дәрігерді вакциналау аз, әсіресе Мексиканың 126 миллион тұрғыны үшін бұл жеткіліксіз.

Сонымен қатар, агенттіктің мәліметінше, ел астанасы Мехикодағы ауруханалар 80%-ға толған, ауруханаға жатқызу орындары жеткіліксіз, көптеген отбасылар ауру туыстарын үйде емдейді. Сонымен бірге, вакцинация үшін тіркелу қажет мемлекеттік сайт үш күндей жұмыс істемеді, мұны билік вакцина алғысы келетіндердің шектес тыс ағынымен байланыстырады.

Айта кету керек, Мексикада коронавирустық пандемия басталғалы бері 1,89 миллионнан астам адамнан Сovid-19 инфекциясы анықталды, бұл көрсеткіш бойынша ол әлемде 13-ші орында. Ал, коронавирус тудырған өлім-жітім саны бойынша бұл ел әлемде АҚШ пен Бразилиядан кейін үшінші орында тұр (162,9 мың адам қайтыс болған).

Өзгелердің жаңалығы