Медқызметкерлердің өтемақысы зейнетақы қорындағы қаражаттан төленгені рас па?

9 Қазан 2020, 18:44
1329
Бөлісу:
Медқызметкерлердің өтемақысы зейнетақы қорындағы қаражаттан төленгені рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР eңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен мәселеге нүкте қойды.

Пандемия кезінде зардап шеккен медицина қызметкерлеріне төленетін өтемақы (коронавирус жұқтыра қалған жағдайда төленетін 2 миллион теңге көлеміндегі және вирус салдарынан қайтыс болған медицина қызметкерінің отбасына берілетін 10 миллион теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем) үшін зейнетақы қорындағы қаражат ешқашан жұмсалмағанын ресми түрде мәлімдеймін. Бүгінге дейін төленіп келген қаражат (10 млрд 332 млн теңге) бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына тиесілі, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ол зейнетақы қорындағы қаражатты зейнеткерлер де пайдалана алатынын және қаражатты жақын туыстар үшін алуға болатынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы